• Басты
  • Жаңалықтар
  • І-Республикалық “ЖАС ӨНЕРПАЗ” жас жеткіншектер арасындағы байқауы

І-Республикалық “ЖАС ӨНЕРПАЗ” жас жеткіншектер арасындағы байқауы

І-Республикалық “ЖАС ӨНЕРПАЗ” жас жеткіншектер арасындағы байқауы
01/03/2022
І-Республикалық “ЖАС ӨНЕРПАЗ” жас жеткіншектер арасындағы байқауы

«Әлшекей Бектібайұлы атындағы дәстүрлі өнерді дамыту қоры» Қоғамдық қоры қазақтың күйшілік өнерін, оның ішінде Сыр бойы күйшілік мектебінің өкілдерін жас ұрпаққа насихаттау мақсатында «ЖАС ӨНЕРПАЗ» атты жас жеткіншектер арасындағы байқау жариялайды.

І РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЖАС ӨНЕРПАЗ»
жас жеткіншектер арасындағы байқау өткізу талаптары

 Байқаудың мақсаты:

Қазақтың күйшілік өнерін, оның ішінде Сыр бойы күйшілік мектебін жас ұрпаққа насихаттау, оқушылардың музыкалық эстетикалық тәрбиесін жетілдіру, болашақ балғын жастардың кәсіби деңгейінің өсуіне ықпал жасау, халық музыкасын, сөз өнерін  дәріптеу, жеткіншектерді халық музыкасымен тәрбиелеу.

Байқау туралы ақпарат

Байқау Сыр өңірі күйшілік мектебінің өкілі Әлшекей Бектібайұлының  175жылдығына орай жас дарын иелерін қолдау мақсатында «Әлшекей Бектібайұлы атындағы дәстүрлі өнерді дамыту қоры» қоғамдық  қорының ұйымдастыруымен online форматында оқушылар арасында өткізіледі.

Байқауға қатысу жөніндегі өтініштер жарияланған күннен бастап 2022 жылғы 30 наурызға дейін қабылданады.

Байқау төмендегі «Халық аспаптары» (домбыра) номинациясында төмендегі жас ерекшеліктерімен өтеді:

  • кіші топ 7 -10 жас аралығы;
  • орта топ 11 -13 жас аралығы;
  • ересектер тобы 14 -18 жас аралығы.

Қордың атынан Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың білім басқармалары атына хат жазылып, республикамыздың барлық өңірлерінен оқушылар қатысуын сұрап отыр.

Бас жүлде алған жеткіншектерді Қоғамдық қордың арнайы «ЖАС ӨНЕРПАЗ» төсбелгісімен марапаттау және лауреат атанған жеткіншектерге әр түрлі дәрежедегі дипломдар беру қарастырылған. Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлде, І, ІІ, ІІІ дәрежелі лауреат атағы әділқазы алқаларының шешімімен беріледі. Әділқазылар алқасы мүшелері байқау өткенше жасырын болады.

Төсбелгінің видео сипатын мына сілтемеден көруге болады  video-01-03-22-11-22

Сонымен қатар, жүлдегерлерді «Домбыра» телеарнасына шығарып, насихаттау көзделіп отыр.

 

Байқауға қатысудың талабы:

  1. Қатысушы Сыр өңірі күйшілерінің бірінің өмірбаянын немесе күйлерінің аңызын мәнерелеп айту (30-60 секунд). Күйлер туралы материалдарды кез келген көздерден, оның ішінде әлеуметтік желілерден, http://kitap.kz, http://alshekey.kz, http://makala.kz/ т.б. сайттардан алуға болады.
  2. Қатысушы өз қалауы бойынша 1 күй орындайды. Орындалған күй түсірілген видеоның сапасы әділқазылар мүшесін қанағаттандырарлықтай болуы қажет. Күйдің сапасы әділқазылар мүшелерін қанағаттандырмаған жағдайда қатысушының орындаған күйі қаралмауы мүмкін.
  3. Қатысушының орындаған күйінің видеосы youtube.com арнасына (видеохостингіне) орналастырылып, сілтемесі info@alshekey.kz электрондық поштасына жіберіледі.

 

Байқаудың қаржылық талабы:

Байқауға қатысу төлемдері: жеке орындаушылар үшін 3000 теңге.

Төлемді кез келген банк немесе Қазпошта бөлімшелерінен жасауға болады. Төлем түбіртегінің электрондық көшірмесі өтінішпен бірге мына электрондық поштаға info@alshekey.kz жіберіледі.

Банктік реквизиттер:

БИН 140 840 012 426

«Әлшекей Бектібайұлы атындағы дәстүрлі өнерді дамыту қоры» қоғамдық  қоры

АҚ /АО «Банк ЦентрКредит»

БСК/БИК (SWIFT) KCJBKZKX

БСН/БИН 980 741 000 260

ағымдағы шот/текущий счет: KZ718 562 203 115 727 360 (KZT)

немесе

Данебеков Онгарбай Жидебаевич

АҚ/АО Kaspi Bank

БСК/БИК CASPKZKA

ағымдағы шот/текущий счет: KZ37722C000021915962

банкомат карточкасы: 4400 4301 7645 1497

 

 

Қосымша

 

І Республикалық «ЖАС ӨНЕРПАЗ» балалар шығармашылық байқауына

Өтініш

 

  1. Аталым (номинация): __________________________________________

 

  1. Жеке орындаушының аты жөні: _______________________________

 

  1. Жеке орындаушының туған күні, айы, жылы: _____________________

 

  1. Байқау бағдарламасы:_________________________________________

 

  1. Жетекшінің аты жөні, ұялы телефоны:___________________________

 

  1. Орындалған күйдің youtube.com арнасындағы (видеохостингіндегі) сілтемесі:________________________________