• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қызылорда қаласында «Дәуірлер бейнесі домбыра үнінде» атты республикалық күйшілер байқауы өтеді

Қызылорда қаласында «Дәуірлер бейнесі домбыра үнінде» атты республикалық күйшілер байқауы өтеді

Қызылорда қаласында «Дәуірлер бейнесі домбыра үнінде» атты республикалық күйшілер байқауы өтеді
02/11/2022
Қызылорда қаласында «Дәуірлер бейнесі домбыра үнінде» атты республикалық күйшілер байқауы өтеді

Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының қолдауымен, халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен  2022 жылдың        4 қарашасы күні А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде Әлшекей Бектібайұлының 175 жылдығына арналған «Дәуірлер бейнесі домбыра үнінде» атты республикалық күйшілер байқауы өткізіледі.

Республикалық күйшілер байқауына Астана, Орал, Ақтау, Петропавл, Алматы, Түркістан, Шымкент, Ақтөбе, Қызылорда қалаларынан  25 талапкер қатысып, Сыр бойы күй өнерінің озық үлгісін көрсететін болады.

Сонымен қатар күйшілер байқауына күйші, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры, қазылар алқасының төрағасы Нұрымбетов Еркін, күйші-композитор, өнер зерттеуші, Қазақстан композиторлар және журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері,  қазылар алқасының мүшесі Нұржанов Балтабай, Әлшекей Бектібайұлы атындағы республикалық дәстүрлі өнерді дамыту қоғамдық қорының атқарушы директоры, қазылар алқасының мүшесі Жанғазы Марат, өнер зерттеуші, күйші, Д.Нұрпейісова атындағы халықаралық күйшілер байқауының лауреаты, қазылар алқасының мүшесі Аягөз Нұрсұлтан, күйші, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қазақстан Республикасының «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері,  қазылар алқасының мүшесі Әбсадықов Әлімжандар қазылық етеді.