Мәдениет қайраткері, күйші, дирижер Бекенов Нұрлан Алданышбайұлы – 1977 жылы Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қөянкөз ауылында туған. 1994 жылы орта мектепті бітіріп, Алматы қаласындағы П.И.Чайковский атындағы музыка колледжіне домбыра сыныбына оқуға түседі. (оқытушысы Қалдыгүл Рақышова) 1998 жылы ХІХ республикалық жас орындаушылар конкурсында лауреат аттанады. Осы жылы колледжді аяқтап Астана қаласында ашылған Қазақ ұлттық музыка академиясына профессор Дүйсен Орынбай сыныбына оқуға түседі. Ал дирижер сыныбы бойынша профессор Ануар Нүсіпбаевтан дәріс алады. Сонымен қатар Қазақстан композиторлар одағының мүшесі композитор Жұматай Тезекбаевтың сыныбында композициямен айналысады.
2002-2004 жылы ҚазҰМА асперантурасын тамамдайды. 2005 жылы Халықаралық «Шабыт» фестивалінде Төлеген Момбеков атындағы арнайы сыйлықтың иегері болады. 2008 жылы Нұрғиса Тілендиев аттындағы Халықаралық «Өз елім» атты фестивалінде, дирижерлау номинациясы бойынша конкурсқа қатысып лаурет атанады.
2008 жылы «Күй сарын» атты авторлық оқулығы жарық көреді.
Оның «Құлтуманың толғауы», «Жайлауда», «Көңіл сазы», «Қуаныш» Тәуелсіздігіміздің жиырма жылдығына арналған «Шаттан елім» және т.б күйлері «Талпыныс», «Қызғышқұс», атты домбыра мен оркестрге арналып жазылған шығармалары және фортепиано мен домбыраға арналған «Балақай», «Бала уату», «Шабыс», «Қос көңіл» атты жасөспірім домбырашыларға арнайы жазылған шығармалары бар. Көлемді шығармалары «Мұқали», «Хақ-Назар», «Орақты батыр» т.б.
Сонымен қатар халық композиторларының күйлерін оркестірге түсіріп репертуар қорын көбейге де азын – аулақ үлес қосуда.
Астана қаласының Мәдениет басқармасының мәдени шарасы «1000 күй»мәдени бағдарламасы бойынша ХІХ ғасырдың Жетісу өңірінің күйшілік мектебінің ірі өкілі Қожеке Назарұлының «Сайрамкөл» атты күйін халық аспаптары оркестріне түсірді. 2013 жылдың басында Ыстамбұлға барып Түркия қазақтарының ән-күй өнерін зеттеп, Сармолла және Жармұхаммед күйшілердің еңбегі туралы құнды мағлұматтар жинады. Осыған байланысты Астана ақшамы газетіне «Анадолыдағы ағайын» атты қомақты мақаласы шықты. Сонымен қатар қазақ күйлерінің логикасы мен философиялық қыры және халық композиторларының күйлерінің шығу тарихы мен оқиғаны бейнелеу образдары турасында мақалалары жарық көрді.
Ол қазақтың ұмыт болған домбыралары «тұмар домбыра», «торсық домбыра», «шіңкілдек домбыра», «торсық домбыра» және қазіргі тартып жүрген «қозы құйрық домбыраны» қосып «Ақжанбек-арыс» атты домбырашылар ансамбілін құрды. Домбыра аспабындағы «тел бұрау», «шалыс бұрау», «қалыс бұрау» сияқты көне бурауларды жаңғыртып осы бұрауларда күй тартып халықтың назарына ілігті.
Қазіргі таңда Қазақ ұлттық Астана қаласының мемлекеттік филармониясының халық аспаптар оркестрінде кезекті дирижері болып қызмет етуде.