Әбдіқадыр Әбдіқалықов

Әбдіқадыр Әбдіқалықов
Әбдіқадыр Әбдіқалықов

Әбдіқадыр Әбдіхалықов (1934-1996)
Әлшекейге жиен туысы болып келеді.

Бектібайдың Әлшекей, Туматай, Кержан атты ұлдарының ішіндегі Туматайдың баласы Кенжетайдың шәкірті .

Туматайдың Кенжетайы домбыраны солақай тартқан, етік тігу, ер шабу сияқты қолының өнері болған. Ұстазының «солақайлығы» Әбдіқадырға ауысқан сыңайлы.

“Әлшекей күйлеріне деген қызығушылық Әбдіқадыр Әбдіхалықовпен танысып, орындау шеберлігіне тәнті болғаннан басталды. Осы таныстықтың аяғы ұстаз бен шәкірттің байланысына жалғасты. Қазақы дәстүрмен мені «өкіл бала» қылды. Бұл мен үшін үлкен сын және үлкен жауапкершілік еді. Болашақта өнер зерттеушісі мамандығын қалауыма да септігін тигізгені анық. Ұстазымның аманатымен өзінен үйренген Әлшекей бабаның қолда бар бірнеше күйлерін нотаға түсіріп, Қазақ радиосына жаздырттым. Оның орындаған күйлері арқылы Әлшекейдің өзіндік күйшілік қолтаңбасын айқындаймыз” -дейді Әлшекей күйлерін зерттеуші Еркін Нұрымбетов.

Әбдіқадыр өз жанынан да күйлер шығарған. Мысалы, «Жайлау» т.б.

2017 жылы шыққан  Әлшекей күйлеріне арналған «Толқын» атты жинаққа енген «Толқын», «Шерлі», «Айрауықтың ащысы-ай» күйлері Әбдіқадырдың орындау нұсқасында оркестрге түсірілді.

Әбдіқадыр Әбдіхалықовтың орындауындағы Әлшекейдің күйлері

Толқын

Шерлі