Аман Жаманқұлов – Әлшекейдің замандасы, үлкен өнер иесі Құлменов Жаманқұлдың баласы. Әлшекей серілік құрып, жанына жігіттер ертіп жүргенде Жаманқұл қасына еріп, жолдас болған. Ол Әлшекейдің қызына үйленген, Аман Жаманқұлов күйшіге туған жиен болып келеді.
Әлшекей күйлерінің жоғалып кетпей, бізге жетуіне үлкен үлес қосқан. Қызылорда облыстық радиосына Әлшекей күйлерін жаздыртқан. Осы жинаққа енген Аманның орындауындағы Әлшекейдің «Желдірме», «Ақжелең» күйлерін нотаға және оркестрге толықтырып, өңдеп түсірген Еркін Нұрымбетов.