Нұрымбетов Еркін Шаяхметұлы – республикаға танымал дирижер, композитор, домбырашы, көптеген сайыстардың жеңімпазы: Музыка мектептері арасындағы XIX Республикалық жас орындаушылар конкурсының (Алматы, 1985 ж.) лауреаты, Музыка училищелері арасындағы XIII Республикалық жас орындаушылар конкурсының (Қарағанды, 1991 ж.) лауреаты, Ш.Қажығалиев атындағы І Республикалық дирижерлер байқауының (Орал, 2001 ж.) лауреаты, Н.Тілендиев атындағы І Республикалық дирижерлер конкурсының (Алматы, 2004 ж.) лауреаты, М.Төлебаев атындағы «Алтын таяқша» Республикалық дирижерлар байқауының (Талдықорған, 2011 ж.) лауреаты, Б.Рзаханов атындағы «Сиқырлы таяқша» республикалық дирижерлар байқауының (Ақтау, 2011 ж.) гран-при иегері, Күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлына арналған ұлт-аспаптар оркестрлерінің халықаралық фестивалінің лауреаты (Атырау, 2018 ж.).
Композиторлардың «Елім менің» ІІІ Республикалық патриоттық жаңа әндер конкурсының (2006, Астана.), «Астана – Бәйтерек» конкурсының (2008, Астана.), М.Төлебаев атындағы конкурстың (2013, Талдықорған) және Х Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» (2019, Нұрсұлтан), «Елге арнау» (Талдықорған, 2018, 2021), «Әруақты атам – Ер Қосай» атты Республикалық Композиторлар (Ақтау, 2016) конкурстарының лауреаты. Н.Тілендиевке арналған «Дара тұлға» шығармасы 2008 жылдың қоғамдық маңызы бар музыкалық шығармалар номинациясы бойынша мемлекеттік грандқа ие болды. (2008, Алматы).
Ұжым жетекшісі ретінде «Лира-97» (Таллин), «Шабыт» (2002), «Ялта-2003», «Қырым-2006», «Каспий – достық теңізі» (2006), «Түркия-2008», «Болгарская роза-2010», «Звездный дождик – Германия» (2010), «Чехия, Польша-2012», «Ақ көгершін-2013», «Жұбанов көктемі-2008, 2013» (Ақтөбе), «Привет, Италия-2015» және 2018 жылы Тайвань елінде өткен халықаралық фестивальдерінің жүлдегері. Ол Ресей, Украина, Эстония, Түркия, Болгария, Германия, Чехия, Польша, Италия, Тайвань мемлекеттерінде өнер көрсетті.
Халық композиторларының өмірі мен шығармашылығына арналған 40-тан астам ғылыми-зерттеу мақалалар мен оқу-әдістемелік жұмыстардың, әндер мен аспаптық шығармалар және партитуралар жинақтарының авторы: «Асыл адам» авторлық әндер жинағы (Орал, 2003), Махамбет «Қиыл қырғыны». Қазақ халық аспаптары оркестріне арналған күйлердің партитуралары (Орал, 2003), «Ақжайық өңірінің музыкалық фольклоры», І том. Фольклорлы-этнографиялық жинақ. авторлық ұжым (Алматы, 2005), «Сыр сүлейі – Әлшекей», күйлер жинағы (Алматы, 2005), «Әлшекей күйшінің шығармашылығы», электронды оқулық құралы (Орал, 2008), «Жүрек сыры» авторлық әндер жинағы (Алматы, 2009), «Ақжайық, әсем Оралым», әндер жинағы (Орал, 2010), «Балдырған» авторлық әндер мен аспаптық шығармалар (Орал, 2011), «Теректі толқыны» балалар саз мектептерінің халық аспаптары оркестрлеріне арналған оқу-әдістемелік құрал (Алматы, 2012), «Ақжайық саздары». Партитуралар, І том (Орал, 2016), «Ақжайық саздары». Партитуралар, ІІ том (Орал, 2017), Әлшекей Бектібайұлы «Толқын», партитуралар (Астана, 2017), «Өлкетану», Батыс Қазақстан облысы бойынша 5-7 сынып оқушыларына арналған оқулық, авторлық ұжым (Алматы, 2018), «Ақжелең: домбыра мен фортепианоға арналған шығармалар», оқу құралы (Алматы, 2019), «Халық аспаптары оркестріне арналған партитуралар: Әшір Молдағайыновтың әндері» (Орал, 2019), Еркін Нұрымбетов «Қазақстаным» – авторлық әндер жинағы-клавир (Орал, 2020), Шығайұлы Дәулеткерей. Бапас: Партитуралар. Автор-құрастырушы: Еркін Нұрымбетов (Орал, 2020), «Композитор – Тұяқберді Шамеловтың шығармалары». Партитуралар (Орал, 2021).
П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесінің және Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының «домбырашы», «этномузыкатанушы», «оркестр дирижеры» мамандықтары бойынша үздік бітірген түлегі, Еркін Нұрымбетов – көптеген лауреат шәкірттер тәрбиелеген ұстаз, университеттің 2006 жылғы «Үздік оқытушысы» және «Жоғары оқу орнының үздік педагогы-2020» республикалық байқауының, Инновациялық-педагогикалық идеялар жөніндегі VII Республикалық (Алматы-2012) фестивальдерінің жеңімпазы, «Үздік қосымша білім беру педагогы» облыстық байқауының бас жүлдегері. Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Муза майталманы» (Орал, 2015), Шығыс Қазақстан облысы, Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының «Мәдениетке қосқан үлесі үшін» (Семей, 2015), Қадыр Мырза Әлиге – 80 жыл, Дәулеткерей Шығайұлына – 200 жыл мерекелік төсбелгілердің иегері. Сондай-ақ, Ғ.Құрманғалиев атындағы БҚО филармониясы Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры, Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Жастар мәдениет үйінің «Оралым» фольклорлық ансамблінің жетекшісі.
Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі (2006 жылдан), 2020 жылдан Одақтың басқарма мүшесі, Қазақстан Авторлар Қоғамының мүшесі, Қоғамның «Үздік оркестр дирижеры» номинациясының лауреаты (2018), Мәдениет саласының үздігі (2015), Республикалық Махамбет атындағы сыйлықтың иегері (2018), «Күй атасы Құрманғазы атындағы Республикалық фестивальдің 1000 адамдық біріктірілген оркестр» (Атырау, 2018), «Қазақстанның рекордтар кітабы-2018» жобаларының кейіпкері, сертификат иегері (Орал, 2018), Қазақстан Күйшілер одағының құрметті мүшесі (2020). Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының мүшесі, балалар музыка мектебі бойынша жетекшісі.
Ол Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры сахналаған «Құрманғазы», «Махамбет», «Мезгілсіз келген махаббат», «Сақал саудасы», «Капитан қасқыр», «Қозы Көрпеш Баян сұлу» спектакльдерін музыкамен көркемдеген. Елуден астам әндердің авторы, жеке аспаптар – домбыра, қобыз, саз-сырнай, виолончель мен фортепианоға және қазақ халық аспаптары оркестріне арналған «Тарту», «Ақжелең», «Ғасырлар сазы», «Шашу», «Әке арманы» күйлері мен «Ақжайық», «Дара тұлға – Нұрғиса», «Жаса, Елім», «Батыр баба – Ер Қосай» сынды күрделі поэмалар жазған композитор. Қазақстан композиторларының шығармаларын кеңінен насихаттап, Академиялық Құрманғазы, Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы», Тәттімбет атындағы Қарағанды, Астана мемлекеттік филармониясының және түрлі облыстық А.Жұбанов, М.Төлебаев, Тұрмағанбет, Абыл, Дина атындағы оркестрлермен шығармашылық концерттерін өткізіп жүрген дирижер-орындаушы. Композиторлар одағының Оралдағы замануи музыка фестивальдерінің, Ш.Қажығалиев атындағы ІІ, ІІІ республикалық дирижерлер конкурстарының және Дәулеткерей Шығайұлының 200 жылдығына арналған «Күй-live» онлайн конкурсының, Әшір Молдағайынов, Тұяқберді Шамелов сынды композиторлардың республикалық конкурстарының ұйымдастырушысы. Сонымен қатар ол 300-ден астам шығармаларды халық оркестрлері мен фольклорлық ансамбльдерге арнайы лайықтап түсірген өңдеуші.
Республикалық телеарналар мен радиоларда, атап айтқанда: Қазақстан, Хабар, Абай-ТВ және Облыстық Ақжайық пен ТДК-42 арналарында халық композиторлары мен қазіргі заман композиторларының шығармашылығына, сондай-ақ, облыстағы өнер ұжымдарына арналған көптеген хабарларға қатысып, сұхбаттар берді.
№ | Атауы | Жанры | Ойналатын аспабы немесе өлеңнің авторы |
1 | Тарту | күй | – |
2 | Мұхит мұрасы | күй | – |
3 | Ғасырлар сазы | күй | – |
4 | Қосбасар | күй | – |
5 | Шашу | күй | – |
6 | Әке арманы | күй | – |
7 | Ақжелең | күй | – |
8 | Балдырған | саз-сырнай | – |
9 | Егізек | саз-сырнай | – |
10 | Наслаждение | қобыз | – |
11 | Ақ, Еркем | қобыз | – |
12 | Элегия | бас-қобыз | – |
13 | Мыстан кемпір | фортепиано | – |
14 | Фонтан | фортепиано | – |
15 | Күзгі көріністер | фортепиано | – |
16 | Ақжайық (поэма) | оркестр | – |
17 | Дара тұлға (поэма) | оркестр | – |
18 | Жаса, Елім (поэма) | оркестр | – |
19 | Батыр баба – Ер Қосай (поэма) | оркестр | – |
20 | Қорқыт спектакліне ән | Әуппай | Қылқобыз бен жеке дауысқа |
21 | Махамбет спектакліне | хор | Ереуіл атқа ер салмай |
22 | Сақал саудасы спект. | ән | Қадыр Мырза Әлі |
23 | Құрманғазы спект. | хор | Бесік жыры |
24 | Капитан қасқыр спект. | әр кейіп-керге | Барлығы 7 әуен |
25 | Қозы Көрпеш-Баян сұлу спект. | хор | Бауыржан Жақып«Киіз үй» |
26 | Достық | ән | Құлан Алдабергенұлы |
27 | Жүрек сыры | ән | Төлепберген Тоқжанов |
28 | Қазақстаным | ән | Асхат Маемиров |
29 | Жарқын жаңа – Астана | ән | Ислам Шұғаев |
30 | Оралым – асыл қалам | ән | Асхат Маемиров |
31 | Бекет ата | ән | Мәрзия Аяғанова |
32 | Сырым Баба | ән | Қадыр Мырза Әлі |
33 | Қаһарман Мәншүк | ән | Ислам Шұғаев |
34 | Асыл адам | ән | Манап Көкенов |
35 | Мың баланың жасағы | ән | Ислам Шұғаев |
36 | Жан әкем | ән | Құмарбек Сыдықов |
37 | Аяулы-анашым | ән | Хатимолла Бердіғалиев |
38 | Құт қонған Қызылордам | ән | Шөмішбай Сариев |
39 | Мұнайшылар-марқасқа | ән | Ислам Шұғаев |
40 | Үйрен, мейлің | ән | Нұрбибі Омарова |
41 | Счастье | ән | Николай Алексеенко |
42 | Аққу – махаббат | ән | Асхат Маемиров |
43 | Аяулым | ән | Мәрзия Аяғанова |
44 | Қалқам – ай | ән | Құдайберген Қазыбеков |
45 | Сен ғана | ән | Болатқали Төлебаев |
46 | Махаббат – әнім | ән | Болатқали Төлебаев |
47 | Асыл болса | ән | Нұрбибі Омарова |
48 | Асқақтай бер, Астана | ән | Ғайсағали Сейтақ |
49 | Теректі толқыны | ән | Ғайсағали Сейтақ |
50 | Құс көктем | ән | Ғайсағали Сейтақ |
51 | Мектебім | ән | Ғайсағали Сейтақ |
52 | Теректі вальсі | ән | Дариға Мұштанова |
53 | Қаракөз – қарғам-ай | ән | Шолпан Қыдырниязова |
54 | Оралым | ән | Зәкәрия Сисенғали |
55 | Ауылым-аңсағаным | ән | Қуанышбай Төлебаев |
56 | Ұстазыма | ән | Айтқали Нәріков |
57 | Орал сазы | ән | Ерік Ахметов |
58 | Балдызым-ау, Жалғызым-ау | ән | Жанғали Нәбиуллин |
59 | Мұқан Ата | ән | Хатимолла Беддіғалиев |
60 | Қызым менің | ән | Мұңайдар Балмолда |
61 | Жайығым – ерке өзенім | ән | Болатқали Төлебаев |
62 | Туған жерім, Аққозым | ән | Шолпан Қыдырниязова |
63 | Қазақстан | ән | Мұңайдар Балмолда |
64 | Отан үшін от кешкендер | ән | Мұңайдар Балмолда |
65 | Жаңа жыл | ән | Рашид Шақу |
66 | Жылдар-ай | ән | Айтқали Нәріков |
67 | Оралым | ән | Айтқали Нәріков |
68 | Колледж жастарының жыры | ән | Айман Қыдырниязова |
69 | Наурыз | ән | Айсұлу Қадырбаева |
70 | Алтын шаһар – Алматым | ән | Айсұлу Қадырбаева |
71 | Қара шаңырағым | ән | Мұңайдар Балмолда |
72 | Арайлы Астана | ән | Зәкәрия Сисенғали |
73 | Отаным | ән | Ақұштап Бақтыгереева |
74 | Қазақтың батырлары | ән | Фариза Оңғарсынова |
75 | Дәрігерлер | ән | Мұңайдар Балмолда |
76 | Құс қанаты | ән | Шөмішбай Сариев |
77 | Бәйтерегім | ән | Ғайсағали Сейтақ |
78 | Достық жыры | ән | Арасанбай Естенов |
79 | Көлсай көлі | ән | Ерқожа Тілепбердиев |
Нұрымбетов Еркін Шаяхметұлының баспадан жарық көрген
оқу-әдістемелік және зерттеушілік еңбектері:
М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың қауымдастырылған профессоры,
дәстүрлі музыкалық және аспапта орындаушылық өнер кафедрасының доценті Е.Ш.Нұрымбетовтың жарияланған я оған теңестірілген ғылыми және оқу-әдiстемелiк еңбектерiнің
ТIЗIМI
№
р/с |
Жұмыстың атауы, түрі | Баспа не электронды | Баспа, журнал (атауы, №, жылы, беттерi),
авторлық куәліктің, патенттің № |
Бас–па табақтар
|
Қосалқы
авторлар-дың аты- жөні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
а) ғылыми еңбектер | |||||
1. | Күйші Әлшекей Бектібайұлы (мақала) | баспа | БҚМУ-дың 70 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Орал, 11-12 қазан, 2002. -255-257 бб. | 0,37 | |
2. | Әлшекей күйлерінің аңыз-әңгімелері (мақала) | баспа | БҚМУ Хабаршысы. -Орал, 2003. -№2(2). -141-150 бб. | 0,62 | |
3. | Махамбет күйлерінің оркестрмен орындалу ерекшеліктері (мақала) | баспа | Махамбеттің 200 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. БҚМУ, Орал, қараша, 2003. -188-194 бб. | 0,37 | |
4. | От танца до балета (статья) | баспа | Материалы региональной научно-практической конференции «Проблемы и перспективы развития хореографического искусства в Западном Казахстане». 26-29 апреля, 2004. -65-69 сс. | 0,28/
0,14 |
Кажымов К.К. |
5. | Әлшекей күйші (мақала) | баспа | «Қазақстан халықтарының мәдени мұрасы және республикадағы ұлттық білім беру жүйесі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. Т.Жүргенов атындағы ҚҰӨА. Алматы. 29-30 сәуір, 2004. -330-336 бб. | 0,34 | |
6. | Ұзақ күйші (мақала) | баспа | Вопросы истории и археологии Западного Казахстана. Выпуск 3. Орал, 2004. -285-287 бб. | 0,37 | |
7. | Боғда күйшінің өмірі мен шығармашылығы (мақала) | баспа | Вопросы истории и археологии Западного Казахстана. Выпуск 3. Орал, 2004. -288-291бб. | 0,43 | |
8. | Ұзақ, Боғда күйшілер жөнінде жаңа деректер (мақала) | баспа | ҚР Тәуелсіздік күніне арналған М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың ПОҚ республикалық 65 ғылыми-практикалық конференция материалдары. ІІ бөлім. Орал. 14-15 желтоқсан, 2004. -164-166 бб. | 0,37 | |
9. | Күйші Ұзақ Мырзабайұлы (мақала) | баспа | Құрманғазы атындағы ҚҰК 60 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Алматы, 8-9 желтоқсан, 2004. -199-201 бб. | 0,16 | |
10. | Ұзақ күйшінің шығармашылығы (мақала) | баспа | Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Хабаршысы. 1(1) 2005. Орал. -200-202 бб. | 0,19 | |
11. | Әлшекей күйлері аңыздарына жазылған
М. Көкеновтің өлеңдері (мақала) |
баспа | Өнер және мәдениет: Жастар трибунасы. Бүкіләлемдік би күніне арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Орал. 29 сәуір, 2005. -89-98 бб. | 0,62 | |
12. | Әлшекей күйлері аңыздарына арналған
М. Көкеновтің өлеңдері (мақала) |
баспа | «Қазіргі ғаламдану жағдайында өнер дамуының көкейкесті проблемалары». Т.Жүргенов атындағы ҚҰӨА 50 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның мақалалар жинағы. Алматы. 21-22 сәуір, 2005. -476-483 бб. | 0,5 | |
13. | Халық композиторы – Әлшекей Бектібайұлы (мақала) | баспа | «Ежелгі Түркі мәдениеті және Қорқыт Ата мұраларын зерттеудің өзекті мәселелері» тақырыбына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Қызылорда, 2005. -310-313 б. | 0,19 | |
14. | Әлшекей күйлерінің тәрбиелік мәні (мақала) | баспа | «Музыкалық білім: мәселелер, ізденістер, шешімдер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. І том. Талдықорған, 2005. -382-385 б. | 0,19 | |
15. | Махамбет күйлерінің оркестрмен орындалуы (мақала) | баспа | Махамбеттану: Дәстүр мен жаңашылдық. республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. БҚМУ, Орал, 24-25 қараша, 2006. -100-105 б. | 0,34/
0,17 |
Нұрымбе-това Ж.И |
16. | Халық композиторы – Әлшекей Бектібайұлы-ның күйшілік мұрасын жалғастырушылар (мақала) | баспа | Ізденіс-Поиск. Ғылыми журнал. №2(2)/2006. Алматы. – 121-123 бб. | 0,25 | |
17. | Әлшекей күйлерінің шығу тарихы мен тәрбиелік мәні (мақала) | баспа | «Жоғарғы оқу орнындағы инновациялық оқыту технология-лары мен интерактивтік әдістері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. Орал, 27 наурыз, 2006. -123-124 бб. | 0,25 | |
18. | Мәдени-рухани құндылықтардың қалыптасуы (мақала) | баспа | «VI Сәтбаев оқулары» атты жас ғалымдар, студенттер және оқушылардың республикалық ғылыми конференциясының материалдары. Павлодар, 2006. -26-30 бб. | 0,25/
0,12 |
Нұрымбетова Ж.И. |
19. | Әлшекей күйлерін біздің заманымызға жеткізуші-орындаушылар жайында (мақала) | баспа | «Әлемдік мәдени және білім беру кеңістігіндегі өнер» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы. Алматы. 19-20 сәуір, 2006. -284-286 бб. | 0,19 | |
20. | Ақжайық өңіріндегі дәстүрлі қазақ музыкасы мен фольклорының қазіргі жай-күйі (мақала) | баспа | «Ұлттық мәдени мұра және оның қазіргі заманғы мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Орал, 21-23 сәуір, 2006. -134-136 бб. | 0,25/
0,08 |
Маулетова С.А., Сертеков Н.О. |
21. | Әлшекейдің күйшілік мұрасын жалғастырушылар (мақала) | баспа | «Ұлттық мәдени мұра және оның қазіргі заманғы мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары.
Орал, 21-23 сәуір, 2006. -136 138 бб. |
0,25 | |
22. | Дәстүрлі күйші – Әлшекей Бектібайұлы (мақала) | баспа | «Шоқан тағылымы -11» халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. 1 том. Көкшетау, 2006. -204-206 бб. | 0,19 | |
23. | Композитор Еркін Нұрымбетов (авторлық компакт-диск) | электронды | М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың АТ орталығы. Орал. 2006. | 836 байт | |
24. | Батыс Қазақстан облысының қазіргі кездегі дәстүрлі өнері мен музыкалық фольклоры (мақала) | баспа | «Ғасырлар тоғысындағы түркі өркениеті: саясат, экономика және мәдениет» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Орал. 2007. -85-88 бб. | 0,37 | |
25. | Фольклорлық ансамбльдер мен оркестрлердің репертуарын құрастырудағы кейбір мәселелер (мақала) | баспа | «Батыс Қазақстандағы тарих ғылымы мен білім дамуының мәселелері: ізденістер мен міндеттер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конферен-цияның материалдары. Орал, 20 қыркүйек, 2007. -92-94 бб. | 0,25 | |
26. | Әлшекей мұрасын зерттеудің кейбір мәселелері (мақала) | баспа | ҚР ҰҒА Хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы. Алматы, 6 (166) 2007. -47-49 б. | 0,37 | |
27. | Батыс Қазақстан облысында музыкалық фольклорды жинастырудың кейбір мәселелері (мақала) | баспа | «Ғазиза Жұбанова және ХХ ғасыр музыкасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конферен-цияның материалдары. Алматы, 30 қараша, 2008. -86-88 б. | 0,37 | |
28. | Әлшекей күйшінің шы-ғармашылығы (элек-тронды оқу құралы) | электронды | М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың АТ орталығы. Орал. 2008. | 71,6
мб |
|
29. | Творчество казахского народного композитора Алшекея Бектибайулы (статья) | баспа | Материалы ІV международной научно-практической конфе-ренции «Современные научные достижения-2008». 15 том. Польша. г.Przemysl. 1-14 марта, 2008. -70-71 cc. | 0,12 | |
30. | Ауылдағы алтын қазына (мақала) | баспа | «Мәдениет және өнер саласын-дағы ҚР жоғарғы және орта оқу орындарында шығармашылық кадрларды дайындау жөніндегі өзекті мәселелер» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Орал, 28-29 наурыз, 2008. -267-272 бб. | 0,68 | |
31. | Музыкальный фольклор Приуралья в контексте казахской инструментальной музыки (статья) | баспа | Материалы ІV международной научно-практической конферен-ции «Научный прогресс на рубеже тысячалетий-2008». Чехия. 1-15 июнь, 2008. -103-105 сс. | 0,37 | |
32. | Аспаптау өнерінің кейбір мәселелері (мақала) | баспа | «Орталық Азия халықтарының дәстүрлі музыкалық мәдениеті» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Алматы, 5-7 мамыр, 2009. -240-247 бб. | 0,5 | |
33. | Аспаптау өнері хақында (мақала) | баспа | Ғ.Құрманғалиевтың 100 жылды-ғына арналған «Ғарифолла Құрманғалиевтің музыкалық-педагогикалық мұрасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция Орал, 28-30 қазан, 2009. -241-244 бб. | 0,5 | |
34. | Казахский народный композитор – Даулеткерей Шигаев (статья) | баспа | Материалы VI Международной научно-практической конферен-ции «Наука и образование без границ-2010». Польша. Premysl. 2010. -90-92 cc. | 0,19 | |
35. | Kazakh folk composer – Dauletkerey Shigaev (article) | баспа | Материалы VI Международной научно-практической конферен-ции «Современные научные достижения-2010». Чехия. Praha. Publishing House «Education and Science» s.r.o.2010. -89-91 pp. | 0,19 | |
36. | Қазақ халық аспаптары оркестрлерінің тарихы мен аспаптандыру мәселелері (мақала) | баспа | «Қазіргі білім кеңістігіндегі мәдениет, өнер және ғылым» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция Орал 26 қараша, 2013. -156-160 бб. | 0,5 | |
37. | «Оралым» ансамблінің компакт-дискі | электронды | «Eskene Trans» ЖШС. Орал, 2014. | 1
кбайт |
|
38. | Әлшекейдің күйшілік мұрасы (мақала) | баспа | Құрманғазы атындағы ҚҰК халық музыкасы факультетінің 70 жыл-дығына арналған «Дәстүрлі музы-калық мәдениет: өткені мен бүгі-ні» ІІ халықаралық ғылыми-прак-тикалық конференция Алматы, 26 қараша, 2015. -75-79 бб. | 0,62 | |
39. | М.Жолдасбеков күйлерінің халық аспаптары оркестрімен орындалу ерекшеліктері (мақала) | баспа | «Қазіргі қоғамдағы Батыс Қазақ-станның мәдениеті, өнері және білімі: ақпараттық ресурстары мен технологиясы» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конферен-ция. Орал, 26 ақпан, 2016. -133-135 бб. | 0,31 | |
40. | Қазақ оркестрінің дирижерына қажетті әдістемелік кеңестер (мақала) | баспа | Materials of the XIII International Scientific and practical conference «Modern European Science-2017». June 30-July7, 2017. Sheffield. England. -50-54 pp. | 0,31 | |
41. | Әлшекейдің күйлерін кім біледі? (мақала) | баспа | Республикалық «Айқын» газеті. 5 тамыз, 2017. -18-19 бб. | 0,5 | |
42. | «Әлшекей күйлерінің оркестрмен орындалу ерекшеліктері» (мақала) | баспа | «Жаһандық әлемдегі ғылым мен білім» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ІІ бөлім. Орал. 19-20 қазан, 2017.
-104-107 бб. |
0,44 | |
43. | Қазақ оркестрінің дирижерына қойылатын талаптар (мақала) | баспа | «Заманауи Қазақстан мәдениетінің ұлттық құндылықтарын сақтау және дамыту» атты педагогика ғылымдарының докторы, профессор М.Е. Ержановтың 70 жылдық мерейтойына және М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 85 жылдық мерекесіне арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция Орал 2 қазан 2017 ж., 60-63 бб. | 0,5 | |
44. | М.Жолдасбеков күйлерін оркестрмен орындауда дирижерге қажетті әдістемелік кеңестер (мақала) | баспа | М.Өтемісов атындағы БҚМУ Хабаршысы №4 (68) шығарылым, 2017. Орал. -128-137 бб. | 0,6 | |
45. | Қазақ оркестрін аспаптандыру мәселері (мақала) | баспа | «Көркем шығармашылық: Заманауи Қазақстандық мәдениеттің озық үлгілері, теория, әдіснама және тәжірибе синтезі» мәдениет және өнер факультетінің (көркемсурет-графика) құрылғанына 40 жыл толуына орай өткізілген республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары. Орал 2 қараша 2018 ж., 198-201 бб. | 0,22 |
13.05.2021.