Кезінде «Сыр сүлейі» атанған күйші-композитор Әлшекей Бектібайұлы. Әлшекей 1847 жылы бүгінгі Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. 12 жасынан бастап ел ішінде домбырашы бала атанған ол өсе келе Сыр өңіріне есімі әйгілі күйші болады.
Кеңес үкіметі орнағаннан кейін «бай-құлақтың» тұқымы деген әңгімеге іліккен Әлшекей отбасымен бір елден екінші елге көше отырып, ақыры Тәжікстаннан бір шығады. Өмір тауқыметін көп көрген Әлшекей Бектібайұлы сол елдің Шәрбат ауданындағы Яуан қыстағында 1932 жылы 85 жасында дүниеден өтеді.