ІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЖАС ӨНЕРПАЗ» байқауы

ІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЖАС ӨНЕРПАЗ» байқауы
25/04/2022
ІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЖАС ӨНЕРПАЗ» байқауы

Толық көру үшін жоғарыдағы суретті басыңыз

«Әлшекей Бектібайұлы атындағы дәстүрлі өнерді дамыту қоры» Қоғамдық қоры 2022 жылғы 29 мамырда қазақтың күйшілік өнерін, оның ішінде Сыр бойы күйшілік мектебінің өкілдерін жас ұрпаққа насихаттау мақсатында «ЖАС ӨНЕРПАЗ» жас жеткіншектер арасындағы байқау жариялайтынын хабарлайды.

 

ІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЖАС ӨНЕРПАЗ»
жас жеткіншектер арасындағы байқау ЕРЕЖЕСІ

 

Өтетін мерзімі: 2022 жылғы 29 мамыр

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Б.Бейсекбаев к. 3/1 үй, №3 Балалар музыка мектебі

Басталу уақыты:сағат 9.30

 

«Әлшекей Бектібайұлы атындағы дәстүрлі өнерді дамыту қоры» Қоғамдық қоры (бұдан әрі – Қоғамдық қор) 2022 жылғы 29 мамырда қазақтың күйшілік өнерін, оның ішінде Сыр бойы күйшілік мектебінің өкілдерін жас ұрпаққа насихаттау мақсатында «ЖАС ӨНЕРПАЗ» жас жеткіншектер арасындағы байқау жариялайтынын хабарлайды.

Осы байқауда «Бас жүлде» алған жеткіншектерді Қоғамдық қордың арнайы «ЖАС ӨНЕРПАЗ» төсбелгісімен марапаттау және лауреат атанған жеткіншектерге әр түрлі дәрежедегі дипломдар беру қарастырылған.

Жүлдегерлерді «Домбыра» телеарнасына шығарып, дәстүрлі күй өнерімен айналысатын жеткіншектерді елге таныстырып, насихаттау көзделіп отыр. Сонымен қатар Бас жүлде және бірінші орын алған балалардың ұстаздарына дәстүрлі өнерді дамытуға қосқан үлесі мен педогогикалық біліктілігі үшін «Әлшекей Бектібайұлы» медалімен марапатталады (медаль туралы мына сілтемеден оқуға болады https://alshekey.kz/kz/fund/medal/).

Сонымен қатар, Қоғамдық қордың президентінің арнайы «Үміт сыйлығы» 100 000 (жүз мың) теңге әділқазы алқалар шешімімен табыс етіледі.

Байқаудың талаптары қоса беріледі және www.alshekey.kz сайтында жарияланады және оған қатысу жөніндегі өтініштер 2022 жылдың 25 мамырға дейін қабылданады. Арнайы музыка колледждерінде оқитын балалар бөлек қарастырылады. Және басқа облыстардан келген қатысушыларға жатын орны, жол шығыны қарастырылмаған.

 

 

Қоғамдық қордың президенті,

Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі

Оңғарбай Дәнебеков

 

 

 

ІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЖАС ӨНЕРПАЗ» жас жеткіншектер арасындағы байқау өткізу талаптары

 

Байқаудың мақсаты:

Қазақтың күйшілік өнерін, оның ішінде Сыр бойы күйшілік мектебін жас ұрпаққа насихаттау, оқушылардың музыкалық эстетикалық тәрбиесін жетілдіру, болашақ балғын жастардың кәсіби деңгейінің өсуіне ықпал жасау, халық музыкасын, сөз өнерін  дәріптеу, жеткіншектерді халық музыкасымен тәрбиелеу.

Байқау туралы ақпарат

Байқау Сыр өңірі күйшілік мектебінің өкілі Әлшекей Бектібайұлының  175 жылдығына орай жас дарын иелерін қолдау мақсатында «Әлшекей Бектібайұлы атындағы дәстүрлі өнерді дамыту қоры» қоғамдық  қорының ұйымдастыруымен оқушылар арасында өткізеді.

Байқауға қатысу жөніндегі өтініштер 2022 жылғы 25 мамырға дейін қабылданады.

Байқау төмендегі номинациялар бойынша өтеді.

  • «Халық аспаптары» (домбыра, қобыз және т.б)
  1. «Ансамбль»

(домбыршылар, қобызшылар және фольклорлық ансамбльдер қатыса алады)

Төмендегі жас ерекшеліктерімен өтеді:

  • кіші топ 7 -10 жас аралығы;
  • орта топ 11 -13 жас аралығы;
  • ересектер тобы 14 -18 жас аралығы;
  • арнайы музыка колледжінде оқитын балалар жеке қарастырылады.

Бас жүлде алған жеткіншектерді Қоғамдық қордың арнайы «ЖАС ӨНЕРПАЗ» төсбелгісімен марапаттау және лауреат атанған жеткіншектерге әр түрлі дәрежедегі дипломдар беру қарастырылған. Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлде, І, ІІ, ІІІ дәрежелі лауреат атағы әділқазы алқаларының шешімімен беріледі. Әділқазылар алқасы мүшелері байқау өткенше жасырын болады.

Сонымен қатар, жүлдегерлерді «Домбыра» телеарнасына шығарып, насихаттау көзделіп отыр.

Байқауға қатысудың талабы:

  1. Қатысушы Сыр өңірі күйшілерінің бірінің өмірбаянын немесе күйлерінің аңызын мәнерелеп айту (30-60 секунд). Ансамбль мүшелерінің арасынан бір бала мәнерлеп айтады. Күйлер туралы материалдарды кітаптардан, әлеуметтік желілерден, http://kitap.kz, http://alshekey.kz, http://makala.kz/ т.б. сайттардан алуға болады.
  2. Қатысушы өз қалауы бойынша 1 күй орындайды.
  3. Ансамбль де қалауы бойынша 1 күй орындайды

Өтініштер info@alshekey.kz  поштасы арқылы қабылданады.

 

Байқаудың өту уақыттары:

  1. Сағат: 9.30 конкурстың салтанатты ашылу рәсімі.
  2. Сағат: 10.00 — 12.00 кіші топ
  3. Сағат: 12.00 – 14.30 орта топ
  4. Сағат: 15.00 – 16.00 үлкен топ
  5. Сағат: 16.00 – 17.00 арнайы музыка колледжінде оқтиын балалар
  6. Сағат: 17.00- 19.00 ансамбльдер тыңдалады.

Өзгерістер болған жағдайда конкурстың ашылу рәсімі кезінде ұйымдастырушылар қосымша хабарлайды.

 

Байқаудың қаржылық талабы:

Байқауға қатысу төлемдері: жеке орындаушылар 10000 теңге.

Ансамбльдер 15000 мың (6 баладан ары қарай әр балаға 3000 теңге қосылады).

Төлем түбіртегінің электрондық көшірмесі өтінішпен бірге мына электрондық поштаға info@alshekey.kz жіберіледі.

Біздің реквизиттер:

БИН 140 840 012 426

«Әлшекей Бектібайұлы атындағы дәстүрлі өнерді дамыту қоры» қоғамдық  қоры

АҚ /АО «Банк ЦентрКредит»

БСК/БИК (SWIFT) KCJBKZKX

БСН/БИН 980 741 000 260

ағымдағы шот/текущий счет: KZ718 562 203 115 727 360 (KZT)

немесе: Каспи голд

телефон номері арқылы төлем: +7 775 445 20 43 Асем.Т , ИИН:810330450600

 

 

ІІ Республикалық «ЖАС ӨНЕРПАЗ»

байқауына

Өтініш

 

  1. Аталым (номинация): __________________________________________

 

  1. Жеке орындаушының аты жөні: _______________________________

 

  1. Жеке орындаушының туған күні, айы, жылы: _____________________

 

  1. Байқау бағдарламасы:_________________________________________

 

  1. Жетекшінің аты жөні, ұялы телефоны:___________________________

 

Тіркелу бойынша электронды поштамыз:

info@alshekey.kz