ӘЛШЕКЕЙ БЕКТІБАЙҰЛЫНА 175 ЖЫЛ

ӘЛШЕКЕЙ БЕКТІБАЙҰЛЫНА 175 ЖЫЛ
27/09/2022
ӘЛШЕКЕЙ БЕКТІБАЙҰЛЫНА 175 ЖЫЛ
2020 жылғы 23 қыркүйек күні М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде күйші Әлшекей Бектібайұлының 175 жылдығына орай бірнеше іс-шаралар: ғылыми — танымдық конференция; белгілі дирижер, композитор және өнер зерттеушісі Еркін Нұрымбетовтың «Әлшекей» мультимедиялық оқу құралының таныстырылымы, Қызылорда облыстық филармониясының Тұрмағамбет атындағы оркестрінің орындауында, елімізге танымал дирижерлардың жетекшілігімен Әлшекейдің күйлерінен концерт өткізілді.
Сондай ақ, Жаңақорған кентінің орталық алаңында елімізге белгілі өнер жұлдыздарының қатысуымен кең көлемде гала концерт өтті. Шараны аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы Тілеуімбетов және облыстық мәдениет және спорт басқармасының басшысы Руслан Рүстемұлы Рүстемов ашып берді.

Шаралар Қызылорда облысы Әкімінің, Облыстық Мәдениет және спорт басқармасының және Жаңақорған ауданы Әкімінің қолдауымен, Республикалық Құрбан Ата қорының демеушілігімен, Жаңақорған аудандық Мәдениет бөлімінің және «Әлшекей Бектібайұлы атындағы дәстүрлі өнерді дамыту қоғамдық қорының» ұйымдастыруымен өтті