«Әлшекей Бектібайұлы атындағы дәстүрлі өнерді дамыту қоры» Қоғамдық қоры қазақтың күйшілік өнерін, оның ішінде Сыр бойы күйшілік мектебінің өкілдерін жас ұрпаққа насихаттау мақсатында «ЖАС ӨНЕРПАЗ» атты жас жеткіншектер арасындағы байқау жариялайды.
Байқаудың мақсаты:
Қазақтың күйшілік өнерін, оның ішінде Сыр бойы күйшілік мектебін жас ұрпаққа насихаттау, оқушылардың музыкалық эстетикалық тәрбиесін жетілдіру, болашақ балғын жастардың кәсіби деңгейінің өсуіне ықпал жасау, халық музыкасын, сөз өнерін дәріптеу, жеткіншектерді халық музыкасымен тәрбиелеу.
Байқау туралы ақпарат
Байқау Сыр өңірі күйшілік мектебінің өкілі Әлшекей Бектібайұлының 175 – жылдығына орай жас дарын иелерін қолдау мақсатында «Әлшекей Бектібайұлы атындағы дәстүрлі өнерді дамыту қоры» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен online форматында оқушылар арасында өткізіледі.
Байқауға қатысу жөніндегі өтініштер жарияланған күннен бастап 2022 жылғы 30 наурызға дейін қабылданады.
Байқау төмендегі «Халық аспаптары» (домбыра) номинациясында төмендегі жас ерекшеліктерімен өтеді:
Қордың атынан Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың білім басқармалары атына хат жазылып, республикамыздың барлық өңірлерінен оқушылар қатысуын сұрап отыр.
Бас жүлде алған жеткіншектерді Қоғамдық қордың арнайы «ЖАС ӨНЕРПАЗ» төсбелгісімен марапаттау және лауреат атанған жеткіншектерге әр түрлі дәрежедегі дипломдар беру қарастырылған. Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлде, І, ІІ, ІІІ дәрежелі лауреат атағы әділқазы алқаларының шешімімен беріледі. Әділқазылар алқасы мүшелері байқау өткенше жасырын болады.
Төсбелгінің видео сипатын мына сілтемеден көруге болады video-01-03-22-11-22
Сонымен қатар, жүлдегерлерді «Домбыра» телеарнасына шығарып, насихаттау көзделіп отыр.
Байқауға қатысудың талабы:
Байқаудың қаржылық талабы:
Байқауға қатысу төлемдері: жеке орындаушылар үшін 3000 теңге.
Төлемді кез келген банк немесе Қазпошта бөлімшелерінен жасауға болады. Төлем түбіртегінің электрондық көшірмесі өтінішпен бірге мына электрондық поштаға info@alshekey.kz жіберіледі.
Банктік реквизиттер:
БИН 140 840 012 426
«Әлшекей Бектібайұлы атындағы дәстүрлі өнерді дамыту қоры» қоғамдық қоры
АҚ /АО «Банк ЦентрКредит»
БСК/БИК (SWIFT) KCJBKZKX
БСН/БИН 980 741 000 260
ағымдағы шот/текущий счет: KZ718 562 203 115 727 360 (KZT)
немесе
Данебеков Онгарбай Жидебаевич
АҚ/АО Kaspi Bank
БСК/БИК CASPKZKA
ағымдағы шот/текущий счет: KZ37722C000021915962
банкомат карточкасы: 4400 4301 7645 1497
Қосымша
І Республикалық «ЖАС ӨНЕРПАЗ» балалар шығармашылық байқауына
Өтініш