Тынысбек Дүйсебеков

Тынысбек Дүйсебеков
Тынысбек Дүйсебеков

Тынысбек Дүйсебеков Нұрман жырау Есіркепұлының баласы.

Нұрман жыраудың өзінің айтуы бойынша ол Әлшекейдің қасында 40 жыл бойы еріп жүріп, елге өнерін танытқан. Ол 1972 жылы 102 жасқа келіп қайтыс болған.

Тынысбек Ибаш арқылы Әлшекей күйлерін үйренген. Ол күйлерді жігерлі, тез екпінде, зулата орындайды. Т. Дүйсебекұлы мықты орындаушы және сазгер, оның «Жайлауда», «Өрлеу» сынды өз күйлері бар. Белгілі күй зерттеушісі Еркін Нұрымбетовтың жетекшілігімен Әлшекейдің «Отарба», «Аққу кеткен», «Жаяу кербез» күйлері Тынысбектің орындау нұсқасында оркестрге түсіріліп, «Толқын» атты жинаққа кіргізілді.

Тынысбек Дүйсебековтың орындау нұсқасында «Отарба» күйін нотаға түсірген Құрманғазы атындағы ҚҰК профессоры, ҚР Мәдениет қайраткері Біләл Ысқақов. Ал оркестрге өңдеп түсірген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор, Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі, Мемлекеттік Академиялық Астана филармониясы, қазақ оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры Айтқали Жайымов. Осы күйді оркестрдің орындауында тыңдайтын көрермен шексіз теміржол рельстерімен жүйткіп бара жатқан паровозды елестетері сөзсіз…


https://osken-onir.kz/kogam/8677-kymen-tynystaan-tynysbek.html

Тынысбек Дүйсебеков — Аққу кеткен (Әлшекейдің күйі)