27.11.2026 · Мәдениет · Дереккөз: Egemen Qazaqstan
Аспантаулар аясындағы Қарқара өңірі барша қазақ жұртына табиғатының асқан сұлулығы мен саф ауасы, тереңге тамыр тартқан тағылымды тарихымен таныс. Қазақтың қарымды қаламгері Мұхтар Әуезовтің «Қилы заман» повесіне арқау болған қасиетті мекеннің енді өз театры бар.

