Жетісу облысында кітап оқу мәдениетін дамыту және кітапханалардың қоғамдағы рөлін арттыру мәселелері талқыланды

27.11.2026 · Мәдениет · Дереккөз: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Жетісу облысында кітап оқу мәдениетін дамыту және кітапханалардың қоғамдағы рөлін арттыру мәселелері талқыланды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлайды.

Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында кітап оқуды насихаттау және кітапхана жұмысын жетілдіру мәселелеріне арналған кездесу өтті.

Жиын Қазақстан Республикасы Президентінің «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру аясында ұйымдастырылды.

Кездесуге Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының мамандары, кітапхана қызметкерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Ғазиза Нұрғалиева «Зерделі ұлт» тұжырымдамасының негізгі ережелері мен саладағы мемлекеттік саясаттың басым міндеттерін таныстырды.

Қатысушылар кітапханалардың қоғамдағы рөлін арттыру, қызмет көрсетудің жаңа тәсілдерін енгізу және оқырман қатарын көбейту жолдарын талқылады.

Жиында жаңа жобаларды іске асыруға, мамандардың тәжірибе алмасуына және кітапхана қызметін жетілдіруге айрықша назар аударылды.

Кездесу қорытындысында қатысушылар кітапханалардың жұмысын одан әрі дамыту жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Дереккөз: Мәдениет және ақпарат министрлігі ↗