АҚШ-тың Федералдық байланыс комиссиясы Илон Масктің SpaceX компаниясына зымыран ұшыруға рұқсат берді. Агенттік сәрсенбі күні деректерді өңдеу орталықтарын құру үшін ғарышқа миллион спутниктен тұратын топтаманы орналастыруды жоспарлап отырғанын хабарлады, деп жазады Tengri Life Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
АҚШ-тың Федералдық байланыс комиссиясы (FCC) SpaceX компаниясының жасанды интеллект үшін деректердің ауқымды көлемін өңдеуге арналған Starmind спутниктік топтамасын құру туралы өтінімін мақұлдады. Бұған дейін компания орбитаға миллионға дейін есептеу модульдерін орналастыруға рұқсат сұраған болатын.
Лицензия шарттарына сәйкес, SpaceX орналастыруды 2033 жылдың қарашасынан кешіктірмей бастауы тиіс.
Толық нұсқасы: Tengrinews (қаз) ↗

