26.11.2026 · Технологиялар · Дереккөз: Tengrinews (қаз)
Қазақстан мен Ресей президенттері Мәскеуде жасанды интеллектіні енгізуге арналған көрмені тамашалады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Ресейге жұмыс сапарымен барған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Al Journey 2026 халықаралық конференциясы аясындағы іс-шараларға қатысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Қазақстан мен Ресейдің жасанды интеллект саласындағы жетістіктерін паш ететін стендтермен танысты.
Қазақстанның көрме алаңында "Технологиялық ұлт", Startup City, GovTech, Aitu, "Көлік және FinTech салаларындағы ЖИ" секілді алты негізгі бағыт қамтылған.
Толық нұсқасы: Tengrinews (қаз) ↗

